• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Наурыз, 2021

Заңдардың Конституцияға сәйкестігі – өзекті мәселе

347 рет
көрсетілді

«Конституциялық Кеңесте жалпы юрисдикция соттарының ұсыныстарын қарау» тақырыбында өткен халықаралық дөңгелек үстелде соттардың Конституциялық кеңеске өтініш беру мәселелері кеңінен талқыланды.

Онлайн режімде өткен дөңгелек үстелді алғысөзімен ашқан Коституциялық Кеңес Төр­ағасы Қайрат Мәми бүгінде бұл институттың бірқатар еуро­палық және басқа да елдерде кеңі­нен қолданылатынын айта келіп: «Тұтастай алғанда, осы те­тік құқық үстемдігін қамта­масыз етуге және Респуб­лика Конституциясының жетекші­лігімен елдің құқықтық жүйесін дамытуға бағытталған», деді.

Дөңгелек үстелде Венеция ко­миссиясының президенті Джанни Букиккио және Қазақстандағы Еуропалық одақ өкілдігінің Ынтымақтастық бөлімінің басшысы Йоханнес Стенбек Мадсен құттықтау сөз сөйледі.

Кездесуге Конституциялық Кеңес мүшелері, Президент Әкім­шілігінің қызметкерлері, Парламент депутаттары, Жо­ғарғы сот, Бас прокурату­ра, Әді­­лет министрлігінің өкілдері, сондай-ақ адвокаттар мен құқық­танушы ғалымдар қатысты.

Ал Венеция комиссиясы тарапынан жиынға осы комиссияның вице-президенті, Франция Конс­титуциялық кеңесінің мү­шесі Клэр Бази-Малори, Өңірлік ын­­тымақтастық бөлімінің бас­­шысы Сергей Кузнецов, Конс­­ти-

туциялық сот төрелігі бөлі­мі­нің басшысы Шнутс Дюрр, сарап­­шылар – Молдова Конс­ти­ту­ция­лық сотының экс-төр­ағасы Алек­сандр Тэнасе және Ко­рея Конс­титуциялық соты Бас хатшысының орынбасары Чон-Вон Ким қатысып, сөз сөйледі.

Дөңгелек үстелде Венеция комиссиясы және Фран­ция, Италия, Корея, Молдова және бас­қа ел­дердің конституциялық ба­қы­лау органдарының өкілдері мен заң сарапшылары баяндама жа­сады.

Онлайн жиында Венеция ко­мис­сиясының сарапшылары соттардың өтініштері бойынша заңдардың ел Конституциясына сәйкестігін тексеру мәселелері бойынша ойларын ортаға салды. Судьялардың прокурор, адвокат және сот ісін жүргізуге басқа да қатысушылардың өтініш хаттарын қарау мәселелері жөнінде пікір алмасып, жекелеген даулы және өзекті сұрақтарға қатысты талқылау жүргізді.

Құқық қор­ғау ұйымдарының өкілдері заңдардың консти­ту­циялылығын тек­серу адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың ма­ңызды кепілі екенін атап өтті. Конс­титуцияға сәйкес мұндай рәсім соттардың өтініштері бо­йынша қозғалады және олар­дың алдында сот процесіне қатысушылар тиісті өтініштерді мәлімдей алады.

Конституциялық кеңес осы инс­титуттың тиімділігін артты­руға бағытталған нақты ұсыныс­тар енгізді. Олар соттардың өті­ніш хаттарды егжей-тегжей қарауы тәртібін, оларға қойы­латын талаптарды бел­гілеудің, су­дья анықтайтын мәсе­лелер шең­берін және оларды қана­ғат­тан­дырудан бас тартудың нақты не­гіздерін айқындауды көзд­ейді.

Ұсыныс­тарды жұмыс тобы нақты жұмыс іс­теу кезінде ес­ке­реді. Кез­десу соңында та­рап­тар бір­лескен жұмысты жал­ғас­тырудың маңыздылығын атап өтіп, ынты­мақтастықтың та­быс­ты жалғасатынына сенім біл­дірді.

«Венеция комиссиясы отыз жыл бойы конституциялық бақы­лау саласында сараптамалық-әдіс­намалық көмек көрсетуге ма­манданды. Сондықтан оның пікірі конституциялық соттар және баламалы органдар туралы заңнаманы жаңғыртуда маңызды рөл атқарады», деп атап өтті халықаралық сарапшылар.

Бұған дейін аталған комиссия 2017 жылғы конституциялық реформа, Әкімшілік рәсімдік-про­цестік кодекс және Қазақстанның басқа да заңнамалық актілерінің жо­балары бойынша өз қоры­тындыларын берген болатын.

Жалпы, бұл халықаралық іс-ша­раны Конституциялық ке­­ңес Венеция комиссиясымен бірлесіп, Еуропалық одақ пен Еу­­ро­па кеңесінің Орталық Азия­дағы құқық үстемдігі жөнін­дегі 2020-2023 жылдарға арнал­ған бір­лескен бағдарламасы шең­берінде ұйымдастырған.