• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Спорт 01 Наурыз, 2021

Алты медальмен оралды

189 рет
көрсетілді

Болгарияның бас шаһары – Софияда өткен халықаралық «Странджа» тур­­­нирі өз мәресіне жетті. Дәстүрлі тур­нир­де өнер көрсеткен Қазақстан құра­ма­­сының боксшылары елге бір алтын, екі күміс және үш қола жүлдемен орал­ды.

Ерлер және әйелдер құрамасы қатысқан байрақты бәсекеде ел қоржынына алтын медальді әйелдер арасында 69 кило сал­­­мақта жұдырықтасқан әлем чемпионы Валентина Хальзова салды. Ал тур­нир­дің финалында бақ сынаған Анге­лина Лукас (51 кг) пен Надежда Рябец (75 кг) қар­сы­ластарына есе жіберіп, би­ылғы жа­рыс­тың күміс жүлдегерлері атанды. Сон­дай-ақ Карина Ибрагимова (60 кг) қола медаль­ге ие болды.

Өкінішке қарай, ерлер құрамасы ауыз толтырып айтарлықтай нәтижеге қол жет­кізе алмады. 8 салмақ бойынша жұды­рық­тасқан жігіттеріміз небәрі екі қола жүл­де еншіледі. Атап айтар болсақ, жастар ара­сындағы Азия чемпионы, былтырғы ересектер арасындағы ел чемпионатының қола жүлдегері Бейбарыс Жексен (57 кг) мен 2020 жылғы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері Нұрқанат Райыс (75 кг) үшін­­ші орынды қанағат тұтты.