• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Спорт 01 Наурыз, 2021

Жұптық сында топ жарды

347 рет
көрсетілді

Бұл күндері елордадағы «Дәулет» тен­­нис орталығында өтіп жатқан ха­лық­­аралық Нұр-Сұлтан челленджер турнирінің жұптық бәсекесіндегі же­ңімпаздар есімдері белгілі болды.

Украиналық Денис Молчановпен бірге жұп құрап өнер көрсеткен қазақстандық теннисші Александр Недовесов жарыс жеңім­пазы атанды. Осы доданың бірінші ракеткасы саналатын қазақстандық-украи­налық жұп финалда америкалық Натан Паша және Макс Шнурмен кездесті. Бірінші партияда А.Недовесов пен Д.Молчанов 6:4 есебімен басым түссе, екінші сетте де дәл осы есеп тіркелді – 6:4. 1 сағат 9 минутқа со­зылған ойында қазақстандық-украиналық жұп жеңіс тұғырына көтерілді.