• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Спорт 01 Наурыз, 2021

Отандасымыз мәнерлеп сырғанаудан Sofia Trophy додасында қола жүлдеге ие болды

143 рет
көрсетілді

Болгарияда мәнерлеп сырғанаудан Sofia Trophy 2021 халықаралық турнирі өтуде. Аталған сында қазақстандық Михаил Шайдаров қола медаль жеңіп алды деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Михаил жасөспірімдер арасында екі бағдарлама қорытындысы бойынша 191,65 ұпай жинады. Нәтижесінде, ел құрамасына кезекті қола жүлдені салды.

Болгариялық Ларри Лоуполовер жарыс жеңімпазы атанса,  Дэвид Леутенбрайн екінші орыннан көрінді.