«Қазгидромет» РМК наурыздың 2-сіне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Атлант мұхитынан шыққан антициклон Қазақстан аумағына қарай ойысады. Батыстан соққан желдің ықпалымен Қазақстанға жылы, ылғалды ауа келеді. Елдің басым бөлігінде қар, жаңбыр жауады. Сондай-ақ көктайғақ болып, жел күшейеді, солтүстік өңірлерде жаяу бұрқасын соғады», делінген хабарламада.