Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ГМ-172/10 мекемесінде барлық санитарлық талаптарды қатаң түрде сақтай отырып, шаруашылық жұмыстары үшін қалдырылған сотталғандар мен оқшауланған аймақ сотталғандары арасында ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған мерекелік іс-шара өткізілді.
Іс-шараны ГМ-172/10 мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Е.Сузақбаев құттықтау сөзімен ашып, әрі қарай жазасын өтеушілер ақынның өмірбаяны туралы айтып жеткізді.
Жамбыл Жабаев (1846-1945) қазақ халық поэзиясының көрнекті өкілі, өлең сөздің дүлдүлі, өмірімен де, шығармашылығымен де екі ғасырды молынан тұтастырып жатқан ұлы жырау, туған жері – Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. Топырақ бұйырған жері – Алматы облысының Ұзынағаш елді мекені, шыққан тегі – Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы. Әкесі орта шаруа болған. Сонымен қатар іс-шара барысында ГМ-172/10 мекемесі қызметкерлері дайындаған ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың өмірімен шығармашылығы туралы бейнеролик көрсетілді.
Іс-шараға арнайы шақыртылған Ақтау қаласы әкімдігінің «Ақтау қалалық әкімдігінің қоғамдық даму орталығы» мәдени-демалыс кешені КММ-ның әншілері мен бишілері, атап айтқанда Мақсатқызы Индира, Медетбаева Сарбиназ қазақ биін билесе, Мәкенқызы Нәзерке ақынның «Өсиет» атты поэмасын оқыды. Көрген Ерболат пен Сартбаева Сұлушаш қазақ әндерінен поппури орындады.
Шарада сотталған азаматтардың өнері сүйсінтті. Шаруашылық жасағының жазасын өтеуші сотталғандар - Н.Жақайұлы «Өмір-ай», «Менің әкем», «Қылықты қыз», «Бұл өмірде», «Жол» және т.б. әндерді шырқаса, келесі кезекте сотталғнадар Ж.Жабаев шығармашылығын ұмыт қалдырған жоқ. Б.Донбаев «Патша әмірі тарылды», Б.Алеуов «Ленинградтық өренім», Қ.Сартов «Алғадай» сыңды өлеңдерін оқыды, Л.Вильданов балалық шағын, өмірінің қиын кездерін айтып берді.
Іс-шараның мақсаты сотталғандардың шығармашылыққа, қазақ әдебиетіне, өнерге деген қызығушылығын арттыр, ақын шығармаларынан рухани нәрді бойына сіңіру.
Мерекелік іс-шара соңында ГМ-172/10 мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Е.Сузақбаев барлық қатысушыларға алғыс білдіріп мұндай іс-шаралар алдағы уақытта жиі-жиі өткізіліп тұратынын айтты.