Қырғызстан Республикасында Парламент сайлауы күзде болады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Жақында жергілікті сайлау өтеді. Референдум өткізу белгіленді, оны біз де әділ өткіземіз. Күзде парламент сайлауы өтеді», деді ол.
Қазіргі депутаттық корпустың өкілеттік мерзімі өткен жылдың қазан айында аяқталды.
Алайда, парламенттік сайлаудан кейін басталған наразылықтар олардың нәтижелерінің жойылуына, сондай-ақ президент Сооронбай Жээнбеков пен Үкіметтің отставкаға кетуіне әкелді. Нәтижесінде, алдыңғы шақырылымдағы депутаттар өздерінің қызметтік міндеттерін атқаруды жалғастырған болатын.
Өткен жылдың соңында олар «2021 жылдың 1 маусымынан кешіктірмей» жаңа парламент сайлауын өткізуді көздейтін заң қабылдады.