• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оңтүстік Қазақстан 02 Наурыз, 2021

Шымкентте мектептерде ыстық тамақпен қамтуға рұқсат жоқ

420 рет
көрсетілді

Шымкент қаласында 1 наурыздан бастап 1-5 сынып 25 оқушымен, 9,11 сынып 15 оқушыдан топтасып, 100 пайыз оқумен қамтылады. Бұл жөнінде білім басқармасы басшысы Жанат Тәжиева баспасөз брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 ақпандағы № 9 Қаулысы 4-қосымшасының 24- тармақшасына және Шымкент қаласы Бас санитариялық дәрігердің 01.03.2021 жылғы №5 Қаулысының 3 тармағына сәйкес мектепте оқушылар ыстық тамақпен қамтылмайды.

– Елдегі жағдайға байланысты оқушылардан мектеп формасы міндеттелмейді. Сонымен бірге, 1 наурыздан бастап оқушылардың білімін толықтыру үшін 6,7,8 және 10 сыныпта 15 оқушыдан аспайтын қосымша оқыту қарастырылады. Мұндай қосымша сабақтар ата-аналар мен мұғалімдердің келісімімен жүзеге асырылады, – деді басқарма басшысы.

Бастауыш сыныптарда – оқу сауаттылығы, математика, тілдер, дүниетану, тарих, информатика, жаратылыстану, өзін-өзі тану және денешынықтыру пәндері мектепте оқытылса, көркем еңбек пен музыка қашықтан оқытылады.

Бітіруші сыныптар 70 пайызы мектепте, 30 пайызы қашықтан оқиды. Қашықтан денешынықтыру, еңбек, өзін-өзі тану және АӘД пәндері оқытылады.

Қалған 6,7,8 және 10 сыныптар 15 баладан тұратын кезекші сыныпта білім алады.

Орта кәсіп колледждерде 1 курс студенттері ІІ семестрді штаттық режимде оқиды.

Оқушылардың ата-аналары немесе оқушы коронавирус жұқтырса мектеп карантинге жабылмайды, тек сынып қашықтан оқытуға көшіріледі.

Мектепте санитариялық-эпидемиялық талаптар қатаң сақталып, балалардың қауіпсіздігін және денсаулығын сақтау үшін барлық жағдайларды қамтамасыз етіледі

Айта кетейік, осыған дейін қалада 22 мектеп карантинге жабылған болатын. Қазір 4 мектеп әлі екі апталық карантинде, қалған мектептер іске қосылады.