• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Наурыз, 2021

Қаңтардан бастап мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың жәрдемақы мөлшері өсті

185 рет
көрсетілді

Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ директоры Нұрсұлу Қонбаева мәлім етті.

«2021 жылдан бастап жәрдемақылар мен төлемдердің мөлшері күнкөріс деңгейінің өсуіне пропорционалды түрде өсті. Сонымен қатар, жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар соңғы 2 жылда жұмыс берушілерден түскен әлеуметтік аударымдарға байланысты МӘСҚ-дан жұмысынан айырылуы жағдайына әлеуметтік төлемдер алады. Былтырғы жылы азаматтарымыз жұмыссыз ретінде  электронды тіркелуге және электрондық еңбек биржасы (www.enbek.kz) порталы арқылы әлеуметтік төлем  тағайындауға өтініш беруге мүмкіндік алды. Ал былтыр Маңғыстау облысында МӘСҚ-дан 52 211 алушыға жалпы сомасы 16 238 млн теңге әлеуметтік төлемдер жүргізілді. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі жөніндегі барлық қосымша сұрақтар бойынша www.gfss.kz.  сайтынан білуге болады»,-деді Нұрсұлу Қонбаева.