• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 03 Наурыз, 2021

Ауда­рымның сомасы – 218,6 млн теңге

297 рет
көрсетілді

Бірыңғай жинақтаушы зей­нетақы қорына аза­мат­тар­дан зейнетақы порт­фелін бас­қа­ру­шыға ауда­­руға байланысты 87 өті­ніш келіп түскен. Ауда­рым­ның жалпы сомасы 218,6 млн теңгеден асады екен.

«Салымшының зейнетақы жинақтары ИПБ басқаруына: салымшының БЖЗҚ-дағы нақты зейнетақы жинақтарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі арасын­дағы айырмадан аспайтын мөлшерде; немесе өмір бой­ғы төлемдерді көздейтін сақ­­тандыру ұйымымен зей­не­т­­ақы аннуитеті шарты жа­­салған жағдайда, салым­шы­ның БЖЗҚ-дағы шотын­да­ғы зейнетақы жинақ­та­ры­ның қалдығынан аспайтын мөл­шерде берілуі мүмкін» делінген қор хабарламасында.

Зейнетақы жинақтарын ауда­­­­­­ру үшін салымшы БЖЗҚ-ға өтініш жасауы қажет, оны enpf.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы немесе БЖЗҚ-ның кез келген өңірлік бөлімшесіне ба­рып беруіне болады.

Қазіргі уақытта БЖЗҚ зей­нетақы активтерін сенім­гер­­лікпен басқару туралы үш ИПБ-мен шарт жасалған. Олар туралы ақпараттармен танысып, инвестициялық декларациялардан хабардар болу үшін қор сайтындағы «Қыз­меттер» – «Зейнетақы жинақ­та­рының бір бөлігін ИПБ-ның се­нім­гер­лікпен басқаруына ауда­ру» бө­лі­мі­не кіру керек.

2021 жылғы 23 ақпандағы жағдай бойынша уәкілетті операторлардан («Отбасы банкі» ТҚЖБ» АҚ, «Қазақстан Халық банкі» АҚ, сондай-ақ «Банк ЦентрКредит» АҚ) тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақ­сатында біржолғы зейнетақы төлем­дерін жүзеге асыруға 163 662 өтініш түскен.

«Жалпы сомасы 579 млрд теңге болатын 108 444 өтініш орындалды. Салымшылардың арнайы шоттарына түскен төлем­дердің орташа сомасы 5,3 млн теңгеден асады» делінген мәлімдемеде.