• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Спорт 03 Наурыз, 2021

Халықаралық турнирлерге қатысады

190 рет
көрсетілді

Осы аптада дзюдодан Қазақстанның ерлер құрамасы Өзбекстанда өтетін Grand Slam жарысында, ал әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы Ита­лиядағы Matteo Pellicone рейтинг­тік турнирінде бақ сынайды.

5-7 наурыз күндері Ташкент татамиінде өтетін белдесулерде ел намысын Елдос Сметов, Дамир Болатбеков (60 кг), Ерлан Серікжанов, Кемелбек Молдаш (66 кг), Жансай Смағұлов, Аңсарбек Ғайнуллин (73 кг), Дидар Хамза (81 кг), Руслан Мұсаев (81 кг), Асылан Сағитбек, Ерсұлтан Мұзаппаров (90 кг), Айбек Серікбаев, Арман Қалиев (100 кг) және Ерасыл Қажыбаев пен Ғалымжан Қырықбай (100 кг) қорғайды.

Ал 4-6 наурыз күндері ұйымдасты­ры­латын Римдегі халықаралық додада 13 балуанымыз белдеседі. Атап айтар болсақ, Валентина Исламова (50 кг), Татьяна Ахметова, Асылзат Сағымбай (53 кг); Айша Уә­лишан (55 кг), Эмма Тисина, Алтынай Са­тылған (57 кг), Диана Каюмова (59 кг), Аяулым Қасымова, Ирина Кузнецова (62 кг), Гаухар Мұқатай (65 кг), Жәмила Бақ­бергенова (72 кг) және Эльмира Сыз­дықова мен Екатерина Ларионова (76 кг) боз кілемге шығады.