Бүгін Қазақстанның екі облысындағы жолдарда ауа райына байланысты көлік қозғалысына уақытша тыйым салынды, деп хабарлайды Egemen.kz Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.
Бүгін Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 00:45-те ауа райына байланысты Ақтөбе облысында «Самара-Шымкент» тас жолының 526-615 шақырымында, нақтырақ айтқанда Батыс Қазақстан облысы мен Қобда ауылының аралығындағы жол бөлігінде барлық көлік түрлерінің қозғалысына тыйым салынды.
Сондай-ақ «Самара-Шымкент» трассасының 265-526 шақырымында, нақтырақ айтқанда Подстепное ауылы мен Ақтөбе облысының шекарасы аралығында барлық көлік түрлеріне жүруге болмайды.