• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Наурыз, 2021

Атырау жүргізушілері көлікке құятын газ таппай жүр

411 рет
көрсетілді

Атырауда көлікке құятын сұйытылған газ тапшылығы туындап тұр. Бұл мәселе облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов өткізген жедел кеңесте талқыға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz

Әкім сұйытылған газ тапшылығының туындауына жол берген жауапты тұлғалардың салғырттығына сынға алды.

«Жауапты басқарма басшылары мәселенің ушығуына жол беріп отыр. Энергетикаа министрлігі мен «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-мен тығыз байланыс жасап, мәселені уақтылы реттегенде мұндай жағдай болмас еді. Осындай олқылыққа тікелей жауапты тұлғаларға қызметтік шара қолданылады», деді Махамбет Досмұхамбетов.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасысы басшысының орынбасары Данияр Мұқышевтың айтуынша, Энергетика министрлігінің жоспарына сәйкес, ақпанда наурыз айы үшін облысқа қажетті 4600 тонна сұйытылған газ беру туралы кесте жіберілген. Бірақ, Атырау мұнай өңдеу зауыты жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты тиісті сұйытылған газды бере алмай отыр. Осыған байланысты өзге компаниялардан 4500 тонна тонна газ сатып алынбақ.

Атырау облысында сұйытылған газмен жүретін автокөліктер тәулігіне шамамен 150 тонна газ тұтынады.