«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазақстан аумағына ауысатын Қара теңіз циклоны жақын күндері республиканың барлық өңірлерін қамтиды. Циклон жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашын, қатты жел, мұз құбылыстары мен тұманның болуына ықпал етеді», делінген хабарламада.