• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
23 Сәуір, 2010

ЙОРК ГЕРЦОГЫМЕН КЕЗДЕСТІ

527 рет
көрсетілді

Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев елімізге арнайы сапармен келген Британия үкіметінің халықаралық сауда және  инвестиция жөніндегі арнайы өкілі Йорк герцогы ханзада Эндрю Альберт Кристиан Эдвард Виндзорскиймен кездесті. Мәртебелі мейман осы жүз­десу алдында биыл алғашқы та­лап­кер­лерді қабылдайтын Астана­ның жаңа университетінде болып, оқу ор­нының дайындығын, заман тала­бына қарай жабдықталып жатқан кабинеттерді аралап көрді. Бұл уни­верситеттің әлемдегі таңдаулы жо­ғары оқу орындары санатында бола­тынына сенім білдірді. Осы арада Отаны­мыздағы болашағы зор бұл білім ордасы Лондонның уни­вер­си­теттік колледжінің серіктесті­гі­мен ашылып жатқанын назарға сала кетсек дейміз. Өз кезегінде министр Йорк герцогына еліміздің білім беру жүйе­сіндегі іргелі өзгерістері мен қол жеткен жетістіктері туралы айта келіп, мұның бәрі Елбасы Нұрсұл­тан Назарбаевтың айрықша мән беруінің арқасында жүзеге асып жатқанын жеткізді. Сонымен қатар, Қазақ елі еуропалық білім кеңіс­ті­гіне мүше болып қабылданғанын, яғни Болон процесіне қосылғанын атап өтті. “Болашақ” бағдарламасы бойынша дүние жүзінің ең үздік оқу орындарында әр жыл сайын үш мың жастың білім толықтырып жатқанын, олардың мыңнан ас­тамы Англияда оқып жүргенін назарға салды. Кәсіптік және тех­никалық білімді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекет­тік бағдарламасы аясында іске асқан тірліктер туралы, мамандар­дың біліктілігін арттыру және қайта даярлау бойынша Ұлыбританияның колледждерімен байланыстың жақ­сы орнағанын, студенттер алмасу, оқытушылардың практикадан өтуі, озық техникаларды оқып үйрену бірлікте жүргізіліп келе жатқаны да алға тартылды. Сүлеймен МӘМЕТ.