Бұл күндері Испанияның Костельеон қаласында бокстан халықаралық Boxam турнирі өтіп жатыр. Еліміздің бірінші нөмірлі боксшылары қатысып жатқан жарыстың алғашқы күнінде шаршы алаңға шыққан үш қазақстандық жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама алды.
Атап айтар болсақ, былтыр 52 килода ел чемпионы атанған Сабырхан Махмұд тұсаукесер кездесуінде панамалық Мартин Перестен басым түссе, 63 килода Олимпиада жолдамасын иеленген Зәкір Сафиуллин Марокко өкілі Надир Абдилхакты жеңді. Сондай-ақ 69 килода жұдырықтасатын Абылайхан Жүсіпов бірінші айналымда франциялық қарсыласынан мықты екенін дәлелдеді.
Турнир 6 наурызда өз мәресіне жетеді.