Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастар аясын кеңейтуге байланысты бірқатар бастама қолға алынып жатыр. соның бірі – «COVID - 19-сыз саяхаттаймын» мобилді қосымшасы. Азаматтар осы қосымшаны пайдалану арқылы, ЕАЭО елдері бойынша іскерлік және жеке сапарларға шыға алады.
Пандемия мемлекеттер арасындағы барыс-келіске де едәуір кедергісін келтіріп жатқаны белгілі. Осыған орай халықаралық жолаушылар ағыны біршама бәсеңдеп қалды. Бұл өз кезегінде әлеуметтік байланысты азайтып, экономикалық дамуға теріс ықпал ете бастады. Осыған орай экономикалық одақ ішінде қауіпсіз сапарларды қамтамасыз ету мақсатында Еуразиялық даму банкі «COVID - 19-сыз саяхаттаймын» мобилді қосымшасын іске қосты. Платформа пайдаланушыға верификацияланған зертханалардың тізімін жылдам табуға, қажетті талдауларды тапсыруға және интеграцияланған ақпараттық жүйеде көрсетілетін тест нәтижелерін алуға мүмкіндік береді.
Яғни, ЕАЭО елдеріне баруды жоспарлаған азаматтар мобильді қосымшаны орнату қажет. Қосымша көлік түрін және баруға жоспарланған елді таңдауға мүмкіндік береді. Қосымшада тіркелгеннен кейін пайдаланушыға баратын елдегіқолданыстағы шектеулер мен қағидалар туралы ақпарат жіберіледі. Верификацияланған зертханалардың тізімі және тесттерді тапсыру үшін зертханаға қабылдауға, жазылу мүмкіндігі ұсынылады. ПТР тест нәтижесінің мерзімі үшкүннен артық болмауы керек екенін ескеру қажет.