• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Наурыз, 2021

Түзеу мекемесі қызметкерлері қан тапсыруды міндет санайды

330 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты түзеу мекемелерінің қызметкерлері бірнеше жыл қатарынан көмекке мұқтаж адамдардың өмірін аман алып қалу мақсатында ерікті түрде қан тапсыруда.

Осы мақсатта, ГМ-172/8 мекемесінің бастығы бастаған бір топ қызметкерлер адамның өмірін құтқарып қалу кез-келген азаматтың абыройы болып табылатынын естен шығармай, ерікті түрде қан тапсыруға белсене ат салысты.

Өкінішке орай, қан тапсыруға кез-келген адамның денсаулығы жарай бермейтіні баршаға мәлім. Алайда, аталмыш іс-шара қызметкерлерден жоғары жауапкекршілікті және еліне адал қызмет етумен қоса, денсаулықтың мықты болуын талап етеді. Сондықтан, ГМ-172/8 мекемесінің қызметкерлері қашан да жақсы істі құптап, мүмкіндіктері болғанша көмек беруге дайын екенін тағы да дәлелдеді.

-Адамдар көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беруі қажет. Біз тапсырған қан көптеген адамның өмірін сақтап қалады деп сенеміз. Себебі, елімізде қаншама адам қан құюға мұқтаж болады. Алдағы уақытта мекеме қызметкерлері науқастарға қайрымдылық жасау мақсатында әрдайым қан тапсыруды жүйеге айналдырады деп шешім қабылдады, деді мекеме бастығы Дастан Әбдірахман.

Әрбір 18 жасқа толған азамат арнайы медициналық тексерулерден өтіп, қан тапсыруға қарсы көрсеткіштер болмаған жағдайда донор бола алады. Донорлар екі ай сайын қан тапсыра алады, сондай-ақ тұрақты түрде қан тапсыру науқасқа ғана емес, донорға да пайдалы екенін естен шығармау қажет. Донор болу жүрек қан тамыры ауруларының алдын алуға көмектеседі және иммунитетті күшейтеді.