• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 04 Наурыз, 2021

Асқар Молдағали каратэден Қазақстан командасының бас бапкері болып бекітілді

219 рет
көрсетілді

2020 жылдың 31 желтоқсанында ҚР каратэ Федерациясының вице-президенті, ұлттық команда бас бапкері Жасталап Санауов өмірден өтті. Осыған байланысты Қазақстан каратэ федерациясының басшылық құрамында кадрлық өзгерістер орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәдениет және спорт министрлігі дене шынықтыру және спорт комитетінің бұйрығымен бұл қызметке Асқар Молдағали тағайындалды. 

Асқар Молдағали спортшы ретінде халықаралық және республикалық жарыстарда үздіктер қатарынан көрінген, әлемдік деңгейдегі бапкер әрі төреші саналады. 2020 жылы ол Токио Олимпиадасында төрелік жасайтын қазылар тізіміне енген болатын.