Басқарушылық консалтинг саласында жұмыс істейтін халықаралық BCG және The Network компаниялары бірлесе жүргізген зерттеу нәтижесі бойынша Канада әлем бойынша мигранттар үшін ең тартымды ел болып танылды. Зерттеу деректері бойынша пандемия азаматтардың шекара асып жұмыс істеу ынтасына кәдімгідей кері әсерін тигізген.
Адамдардың өзге елге барып жұмыс істеу ықыласы кеміп, олар үшін коронавирусқа қарсы тұра алған елдер тартымды бола бастаған.
Сауалнамаға қатысқан 190 елдегі 209 мың қатысушының 50 пайызы ғана өзге елге жұмыс істеу үшін баруға әзір болған. Бұл 2014, 2018 жылдармен салыстырғанда 64 және 57 пайызға аз.
«Еңбек миграциясы саласындағы шектеу саясаты мобилділік үрдісін әлсіретті. COVID-19 пандемиясы адамдарды халықаралық релокацияға аса сақтықпен қарауға үйретті. Қашықтан жұмыс істеу форматының белсенділігі арқасында көбі карьерасын онлайн күйде-ақ дамыта аларын түсінді» дейді зерттеу авторларының бірі Райнер Штрак.
Адамдардың көбін Канада, Жапония, Австралия, Сингапур, Жаңа Зеландия елдері қызықтырған. Есесіне Германия мен Франция өз позициясын екі сатыға әлсіретсе, Италия мен Испания үздік ондықтан тысқары қалған.