• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Экономика 09 Наурыз, 2021

Ақпан айындағы іскерлік белсенділік 0,6 тармаққа көтерілді

118 рет
көрсетілді

Ұлттық банктің  Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Жандос Шаймарданов іскерлік белсенділік индексі ақпан айында 49,0-ден 0,6 тармаққа көтерілгенін хабарлайды, деп жазады Egemen.kz

Ең үлкен өсім қызмет көрсету саласында тіркелді, онда индекс қаңтардағы 47,4-тен 49,2-ге дейін өсті. Құрылыста индикатор 47,4 дейін төмендеді (қаңтарда 51,1), өнеркәсіпте – 49,0 дейін (қаңтарда 49,4).

Аймақтар бойынша кәсіпкерлік белсенділіктің ақпан айындағы көрсеткіштері Солтүстік Қазақстан облысында (54,0) және Нұр-Сұлтанда (52,5) жақсарып, Түркістан облысында төмендеді (42,6).

Ақпан айында нақты сектордағы кәсіпорында бизнес жүргізудің ағымдағы жағдайы бейтарап деп бағаланды. Жалпы алғанда, сауалнама деректері бойынша, инфрақұрылым, қаржы мен несиеге қол жеткізу және бизнесті қорғау ісі жақсарғаны белгілі болды. Солай бола тұра, өнімге/қызметке сұраныс және салық ауыртпалығы кәсіпкерлік ортаға кері әсер ететін факторлар болып қала береді.

Кәсіпорындардың алдағы 6 айдағы күтулері анағұрлым оптимистік көзқараста: болашақ жағдайларды бағалау – 24,0-ті құрады. Нәтижесінде іскерлік ахуал индексі ақпанда қаңтардағы 6,0-ге қарсы 11,9 болды.

2021 жылы ақпанда сауалнамаға 457 кәсіпорын қатысты: құрылыс саласында – 66, өнеркәсіпте – 175, қызмет көрсетуде – 216.