Қазгидромет наурыздың 9-ы күнгі ауа райына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазгидромет таратқан мәліметтерге қарағанда, Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Республика өңірлерінде жаңбыр, қар жауады. Тек елдің оңтүстік-шығыс, орталық және солтүстік-шығысында ғана антициклон жотасының әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, солтүстік-батыста және солтүстікте екпіні 23-28 м/с болады.Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болып, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, күндіз екпіні 25 м/с болады. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғып, екпіні 23-28 м/с-ке жетеді. Жамбыл, Қарағанды, түнде Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Батыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғып, жаяу бұрқасын болады. Қызылорда облысының кей жерлеріне тұман түсіп, күндіз көктайғақ болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр.Ақтөбе облысының кей жерлеріне тұман түсіп, түнде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғып, ақыры жаяу бұрқасынға ұласады. Алматы облысында түнде кей жерлерде тұман түсіп, күндіз Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі.