Алматыда “Қазақстан Республикасының президенттік институты: тарих және қазіргі заман” атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болды. Конституциялық Кеңес төрағасы Игорь Рогов сөз сөйледі. Жиналғандарға ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы, Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың құттықтау хаты оқылды. Президенттік институттың құрылуына жиырма жыл толуына орай ұйымдастырылып отырған ғылыми-тәжірибелік конференцияда бұл институттың тарихи, құқықтық, экономикалық, халықаралық және басқа да салаларда дамуы жөнінде жан-жақты баяндалды.
“Қазақстан Республикасының президенттік институты: тарих және қазіргі заман” атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның күн тәртібіне қойылған мәселелер төңірегінде ҚР Конституциялық Кеңестің мүшесі В.Малиновский, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Б.Жұмағұлов, Мемлекет және құқық институтының директоры Ғ.Сапарғалиев, АҚШ-тағы Джорджтаун университеті жанындағы Заң орталығы, Халықаралық құқық институтының төрағасы Уоллэйс Дон және басқалар өз пікірлерін ортаға салды.
Бақыт БАЛҒАРИНА.