• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Наурыз, 2021

Мемлекет қаржысына бизнес бастауға бола ма?

293 рет
көрсетілді

Елімізде бизнес бастауға ынталандыратын мемлекеттік бағдарламалар мен грант­тар бар екені белгілі. Адамдар осы жайлы естігенімен, шынайы іске кел­­генде күмәнданып та жатады. Алматы қа­ла­лық кәсіпкерлер палатасының басшысы Айтуар Қошмамбетовтің айтуынша, мемле­кет грантын алып, жеке кәсіп бастауға мүм­кін­дік мол.

– Егер тауар сатсаңыз, тауар қайдан келеді, оны қалай қабылдау, рәсімдеу, сату, қайда сақ­тау қа­жеттігін білуіңіз керек. Осы процестердің бәрін иге­ріп, барлық сұрақ жауабын білген соң, қыз­ме­тіңізді бөліп, кәсіби мамандарды жалдай аласыз, – дейді А.Қошмамбетов.

Палата басшысының сөзінше, әрбір бағыт бойын­ша нақты оқу курстары бар. Мәселен, кәсіпкер SMM немесе бухгалтерлік есептілікті біл­се, Atameken Аcademy порталынан оқуға қа­ты­суға бо­ла­ды.

– Бұдан бөлек, «Бастау Бизнес» арнайы бағдарламасы бар. Үш апта бойы тыңдаушы кәсіпкерлік негіздерін оқиды, содан кейін 200 АЕК көлемінде грант немесе жылдық 6 пайызбен несие алуға мүмкіндігі болады. Сонымен қатар 5 млн теңгеге дейін инновациялық грант алуға да мүм­кіндік берілген, – дейді палата басшысы.

2021 жылы «Бастау Бизнес» бойынша Алматыда 2 мың адамды оқыту жоспарланып отыр. Сонымен қатар құны 200 АЕК (583 мың теңге) болатын 1 мың грант қарастырылған. Бұл жо­баға қатысып, кәсіпкерлік негізін игергісі кел­ген әрбір азамат жеке куәлігін алып жұмыспен қамту орталығына баруы шарт.

Қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Диляра Иманқұлованың айтуынша, 2020 жылы шаһарда 34 855 адам жұмысқа тұрған. Оның 10 мыңнан астамы «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» арқылы кәсіп тапқан. Әсіресе, IT саласында сұраныс артып келеді. 2021 жылы 20 мыңнан астам адамды жұмысқа орналастыру жос­парланып отыр.

 

АЛМАТЫ