Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырып жатқандар бойынша бүгінгі мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
8 наурыздағы коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмонияның 4 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 203 адам емделіп шықты.
1 тамыздан бері 49 581 адам ауырды, 647 өлім жағдайы тіркелді, жазылып шыққандар саны 44 188-ге жетті.