Ауа райының қолайсыздығына байланысты үш облыс аумағында республикалық жолдарда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Egemen.kz Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram парақшасына сілтеме жасап.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты келесідей республикалық маңызы бар тас жолдарда қозғалысқа шектеу енгізілді:
Ақтөбе облысында:
«Ақтөбе-Мәртөк-РФ шек.» автожолының 24-99 шақырымында, атап айтқанда, Сарыжар ауылы мен РФ шекарасы аралығындағы учаске; «Самара-Шымкент» автожолының 526-618 шақырымында, атап айтқанда, БҚО шекарасы мен Қобда ауылының аралығындағы учаске автокөліктің барлық түрі үшін жабылды.
Батыс Қазақстан облысында:
«Самара-Шымкент» автожолының 394-526 шақырымында, атап айтқанда Жымпиты ауылы мен Ақтөбе облысының шекарасы аралығындағы учаскеде көлік қозғалысы шектелді.
Солтүстік Қазақстан облысында:
«Булаево-Возвышенка-Молодогвардейское-Киров-Қиялы Рощинское» автожолының 0-228 шақырымында Булаево мен Рощинское ауылдарының аралығындағы учаске; «Рощинское-Корнеевка-Волошинка» автожолының 0-87 шақырымында, атап айтқанда, Рощинское мен Волошинка ауылдарының аралығындағы учаске; «Волошинка-Сергеевка-Тимирязево» автожолының 0-53 шақырымында, атап айтқанда, Волошинка мен Сергеевка ауылдарының аралығындағы учаске; «Тимирязево-Сарыкөл-Қостанай облысының шекарасы» автожолының 0-32 шақырымында, атап айтқанда, Тимирязево ауылы мен Қостанай облысының шекарасы аралығындағы учаскеде барлық көлік түрінің қозғалысы шектелді.