• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Әлем 10 Наурыз, 2021

Әбу-Даби Қазақстанды «жасыл тізімге» енгізді

549 рет
көрсетілді

Әбу-Дабиге ұшып келген қазақстандықтар міндетті карантин шараларынан босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Әбу-Даби мәдениет және туризм департаменті елдердің «жасыл тізімін» жаңартты. Енді Қазақстаннан келген жолаушылар Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасына қонғаннан кейін міндетті карантин шараларынан босатылды және Әбу-Даби әуежайына келгеннен кейін коронавирусқа ПТР-тест тапсыруы керек.

Сондай-ақ «жасыл тізімге» Марокко, Сауд Арабиясы, Аустралия, Бутан, Бруней, Қытай, Гренландия, Гонконг, Исландия, Маврикий, Жаңа Зеландия және Сингапур кірді. Бұл тізім аталған мемлекеттердің азаматтарына ғана емес, сол елдерден келетін жолаушыларға да қатысты болып отыр.

Әбу-Даби шетелдік туристерді өткен жылдың 24 желтоқсанынан бастап кіргізді, бірақ әмірлікке кіру үшін коронавирустың алдын алу шаралары, соның ішінде Дубайдан келгендер үшін де қатаң шаралар қолданылды.