• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Наурыз, 2021

Қарағандыда үй өртеніп, бір адам қайтыс болды

1638 рет
көрсетілді

Қарағанды қаласында көпқабатты үй өртеніп, 1 адам қайтыс болды. Мамандар 19 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Egemen.kz

Қалада Күзембаев көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама бүгін түнгі сағат 03:26-да түскен. 

Өрт орнына жеткен өрт сөндіру бөлімшелері кіреберістегі қатты түтінді байқаған. Газ-түтіннен қорғау қызметінің екі тобы барлауға, подъезд тұрғындарын құтқаруға және эвакуациялауға бағытталды. 

«Қатты түтіннің салдарынан 4-ші қабатта орналасқан пәтерден өз бетінше эвакуациялануға тырысқан анасы мен баласы табылды. 1946 жылы туған әйел улы газдан уланып, жедел жәрдем көлігінде көз жұмды», деп мәлім етті Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өкілі.

Өрт сөндіруші-құтқарушылар автосатының көмегімен осы кіреберістің пәтерлерінен 4 адам, оның ішінде 3 баланы құтқарды. Сондай-ақ баспалдақ маршы бойынша 15 адам, оның ішінде 4 бала эвакуацияланды. Бесінші қабаттағы пәтерден екі адам ауруханаға жатқызылды – ана мен бала иіс тиіп уланған.  Жалын 1-ші қабаттағы баспалдақтың астында орналасқан ағаш қоймадан шыққан.  Өрт сөндірушілер жанып жатқан қоймадан сыйымдылығы 27 литр бос газ баллонын алып шықты.  Өрттің жалпы ауданы 3 шаршы метрді құрады.

Оқиға орнына Қарағанды облысы ТЖД-нің 12 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды. Қабылданған жедел шаралардың арқасында өрт сағат 03:49-да сөндірілді. Алдын ала болжам бойынша өрттің себебі ашық от көзі болды.