Денсаулық сақтау министрлігі 11 наурыздағы коронавирус белгілері бар пневмония туралы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
9 наурызда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 48 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 170 адам емделіп шықты.
1 тамыздан бері 49 629 адам ауырды, 650 өлім жағдайы тіркелді, жазылып шыққандар саны 44 358-ге жетті.