Балқаш қаласындағы Қазақстан Әуе қорғанысы күштерінің оқу-авиациялық орталығына L-39 оқу-жауынгерлік ұшақтары келді. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шарты шеңберінде өткен жылдың соңында олар өндіруші зауытқа жіберілді. Ол жерде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, модернизациядан өтті.
Модернизация барысында ұшақтарға жаңа цифрлық авионика, катапульттау жүйелері, байланыс және объективті бақылау құралдары орнатылды.
L-39 курсанттарды күндіз және түнде қарапайым және күрделі метеожағдайларда, ұшу техникасына бастапқы оқытуға, жауынгерлік қолдану элементтерін оқытуға, сондай-ақ оқу орындары мен әскери бөлімдердің ұшқыштар құрамын жаттықтыруға арналған.
Курсанттарға әуе кемесін меңгеруге тәжірибелі ұшқыш-нұсқаушылар көмектеседі.
– Жалпы алғанда L-39 ұшағымен ұшу, авиацияны меңгерудегі алғашқы қадам болып табылады. Әрбір курсант үшін жеке өзі ұшу – өте маңызды сәт. Бұл ол болашақта қарапайым, күрделі пилотаж жасау, бұлттарда, төмен биіктікте, жерүсті және әуе нысаналары бойынша жауынгерлік қолдануға ұшу сынды кезеңдерге қол жеткізе алады дегенді білдіреді, – деп атап өтті оқу-авиация орталығы командирінің орынбасары подполковник Мақсат Бұратаев.