• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Наурыз, 2021

Мұғалімдер екпе ала бастады

147 рет
көрсетілді

Қарағанды облысында коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны алғашқылардың бірі болып медицина қызметкерлері алған болатын. Кейбір мәліметтерге қарағанда, бүгінге дейін 2 400 дәрігер егіліпті. Оның ішінде екі құрамдас бөлікті алған 704 қызметкерге вакциналау төлқұжаты тапсырылған.

Ал наурыз айының 3-інен өңір­дің мұғалімдері вакциналаудан өте бастады. Ескерте кететін бір жайт, бұл іс-шара ерікті және те­гін түрде жүзеге асырылып жатыр.

Қарағанды облыстық қоғам­дық денсаулық сақтау қызметінің басшысы Бибігүл Төлегенованың айтуына қа­рағанда, өңірде вакцина еккізгі­сі келетін мұғалімдердің саны 6 200 адамды құрайды. Екпе салу барысында педагогтерді қолданыстағы вакциналау орталықтарына тізім бойынша бөліп, іс-шара арнайы құрылған кесте бойынша жүзеге асырылады. Алғашқылардың бірі болып екпе салдырған мұғалім Вар­вара Дыдышко Қаныш Сәт­­баев атындағы гимназияда жұ­мыс істейді. Ол вакциналауды пандемияны тоқтататын бірден-бір препарат санайтындықтан, мұндай қадамға саналы түрде және еш күмәнсіз барғанын айтады.

– Біз, мұғалімдер, бұл шараны қажет деп санаймыз. Өз басым ресейлік «Спутник V» вакцинасына сенемін. Новосібірде жақын досым ғылым саласында жұмыс істейді. Ол вакциналаудан алғашқылардың бірі болып өтті және оның бо­йынан асқынулар байқалған жоқ, – дейді қарағандылық мұғалім.

Педагог мамандардан кейін сәуір айында күштік құрылым­дардың қызметкерлері вакцина алуды бастайды. Ал мамырдан бастап екпе алуға ерікті түрде ниет білдірген тұрғындарды жаппай вакциналау жоспарда бар.

 

Қарағанды облысы