Өрт дер кезінде бақылауға алынған. Нәтижесінде ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz foxnews.com сайтына сілтеме жасап.
Оқиға бейсенбі күні Калифорния штатындағы Фремонт қаласында орналасқан Tesla электромобилдерін шығаратын зауытта болған. Бұл туралы алғашқылардың бірі болып Fox TV хабарлады.
Ақпаратта өрт жаңадан салынып жатқан ғимаратта басталғаны жазылған.
Оқиға орнына бірнеше өрт сөндіру машинасы келіп үлгерген. Сондықтан жағдайды бақылауға алу қиынға соқпаған секілді. Өрттің шығуына гидравликалық сұйықтықтың тұтануы себеп болуы мүмкін деген болжам бар. Абырой болғанда адам шығыны жоқ.