Оңтүстік Африка Республикасының Тұңғыш Президенті Нельсон Манделаның үлкен немересі, Т.Мандела Қорының құрушысы және президенті Ндилека Мандела қазақстандықтарды келе жатқан әз Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz
Оңтүстік Африканың Тұңғыш Президенті Нельсон Мандела отбасының атынан, Наурыз мейрамына және келе жатқан Жаңа Ақ сиыр жылына орай ҚР Үкіметін және бүкіл Қазақстан халқын шын жүректен құттықтаймын!
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы, өзінің 2010 жылғы A/RES/64/253 қарарында жариялаған Халықаралық Наурыз күні – планетамыздың Солтүстік жарты шарында астрономиялық күн мен түннің теңелген кезде атап өтілетін және көктемнің алғашқы күнін белгілейтін маңызды мереке.
Ұлыстың Ұлы Күні – баһардың арайын, Табиғат-Ананың жаңа туындыларына орай қуанышын, Ғарыштық үйлесімді, сондай-ақ Жаратылыстың жаңғыруын кейіптейтін уақыт. Наурыз, сондай-ақ, адам рухының қайта туып, жарықтың қараңғылық күштерінің үстіндегі салтанат құруын бейнелейді және қай жерде де жақсылық шашады.
Наурыздың осынау бағыттаушы рухы, біздерді жыл бойына шабыттандыруы керек. Жағрапиялық ендік пен бойлыққа қарамастан, әлемнің кез келген бөлігінде ұжымдық күш-жігерімізді одан әрі күшейту керек, әсіресе ғаламдық коронавирустық індеттің кезінде. Наурыздың бітімгершілік құндылықтары әрі бай мұрасы – барлық бейбіт пен бейбітшілікті сүйер елдер үшін маңызды.
Бұл мерекенің, сонымен бірге, адамның әл-ауқатының негізін қалауға және ғаламшарымыздың құнды ресурстарын сақтауға бағытталуы да – аса көңіл аударарлық жайт. Наурыз мерекесінің рухында қозғалар бірлескен жұмысымыз – БҰҰ-ның барлық 17 тұрақты даму мақсаттарына жету үшін серпін беретініне күмәнім жоқ. Бұл мейрам, сондай-ақ, серіктестік пен ынтымақтастықтағы терең сенімділікті басшылыққа ала отырып, адамның қадір-қасиетін, әділеттілікті, теңдікті, жан-жақты үнқатысуды және халыққа бағытталған дамуды насихаттауға міндеттейді.
БҰҰ-дың Тұрақты даму мақсаттарына жету жөніндегі 2030 күн тәртібі және Бейбітшіліктің жаңа күн тәртібі – жаһандық келісім мен ынтымақтастықтың бірлескен құбыланамамыз болуы тиіс. Бүгінгі шарттарда, біз ежелгі Наурыз дәстүрін дәл осы бағытта түсінуіміз керек.
Ұлы Дала елінде ежелден бері көктемгі күн мен түннің теңелуіне орай тойланып келе жатқан Ұлыстың Ұлы Күні – бұдан былай да әлемнің түкпір-түкпірінде жақсылықты, байлықты, бақытты, сүйіспеншілікті және үлкен достықты бейнелейтініне кәміл сенемін.
Оңтүстік Африка мен Қазақстан Республикасы арасындағы қарым-қатынастар әрқашан да берік және өзара қолдау негізінде дамып, жақсы қарқынын және үлкен әлеуетін көрсетіп келуде.
Бұл байламда, алдағы жылдары достас байланыстар мен шынайы ынтымақтастығымызды, ортақ мүдделеріміз үшін одан әрі арттыру үшін Қазақстан тарапымен тығыз байланыста жұмыс істеуге ниетті екенімізді тағы да айтқымыз келеді.
Körısu amaly merekesı qabyl,
Nauryz meiramy qutty bolğay!
Aq mol bolsyn!
Ізгі ниетпен,
Ндилека МАНДЕЛА,
ОАР Тұңғыш Президенті Нельсон Манделаның үлкен немересі,
Т.Мандела Қорының құрушысы және президенті