• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Наурыз, 2021

Қытаймен жаңа жүк темір жол бағыты іске қосылды

372 рет
көрсетілді

Өткен сенбіде Наньнин халықаралық теміржол портынан ауыр құрылыс техникасы бар 49 контейнер тасымалдайтын пойыз шығып, жөнелтілген сәттен бастап 13 күн ішінде Қазақстан астанасына жетеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қытайлық Guangxi Construction Engineering Group Construction Machinery Manufacturing компаниясының өкілі: «Ұзындығы 5 031 шақырым болатын бұл бағдар «Қытай –Еуропа» халықаралық теміржол жүк тасымалы аясында іске қосылды. «Жаңа бағдар іске қосылғанға дейін мұндай тасымалға 45 күннен астам уақыт кететін», деп мәлімдеді.China Railway Nanning Group компаниясының өкілі Чжоу Сытунның айтуынша, жаңа бағдар «Бір белдеу – бір жол» бастамасындағы Наньниннің рөлін арттыруда үлкен маңызға ие.Естеріңізге сала кетейік, Күн шығыс елі «Бір белдеу, бір жол» жобасы аясында «Қытай – Еуропа экспресін» дамыту мақсатында темір жолдар мен өткізу пункттерінің өткізу қабілетін арттыруға мүдделес екенін білдірді.