• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 15 Наурыз, 2021

Патшайым отбасын нәсілшіл деп айыптады

193 рет
көрсетілді

Сассекс гер­цо­­­гы Гарри мен гер­­­ц­о­­гинясы Ме­­­ган АҚШ-тың бел­­гі­лі теле­­жүр­гізушісі Опра Уинф­риге сұхбат берді. Патшайым отбасының мү­ше­ле­рі Ұлыбританиядан көшіп, ресми мін­дет­те­ме­лерінен бас тартқаннан кейін алғаш рет БАҚ бетінен көрініп отыр.

CBS арнасынан таратылған екі сағатқа созылған сұхбат барысында бірқатар тақырыптың басы шалынды. Ең алдымен, Меган Маркл сарайдағылар олардың бірінші ұлы Арчиге ханзада титулы берілмейтінін, сәйкесінше күзет те тағайындалмайтынын айтып ескерткенімен бөлісті. Герцогиняның ойынша, бұл – бұрыннан келе жатқан дәстүрді бұзу.

«Олардың ондай құқы жоқ. Менің ойымша, бұл оның нәсіліне қа­тысты шешім болды. Сондықтан бас­қа немерелерінен бөлек ережелерге бағынуға тиіс-ті», деді Меган. Дегенмен Сассекс герцогы бұл тақырыпқа қа­тысты ештеңе ашып айтпады. «Мен бұл тақырыпқа қатысты ештеңе айтпаймын. Алайда, мені бірқатар БАҚ ұлымыздың нәсіліне қатысты әңгіме айтқанда отбасымның бұған қатысты еш пікір білдіріп, бізді қолдамағаны қынжылтады. Тіпті Парламенттің 70 мүшесі пікірін білдіргенде, отбасым үнсіз қалды», деді Гарри.

Басылымдар бұл сұхбаттан кейін екіге бөлінді. Бірі Меганның суицидке әрекетін естігеннен кейін Патшайым отбасыға Диана қатысты оқиғадан еш сабақ түймегенін айтса, екіншілері ке­рі­сінше Меганды сынға алды.

Сұхбат Патшайым отбасына қатыс­ты пікірді өзгертері анық. Өйткені Гарри туыстарын салқын әрі мейірімсіз, тек ма­териалдық құндылыққа құныққан адамдар ретінде суреттеген.

Бірнеше күннен кейін Кембридж герцогі Уильям інісі Гарридің сұх­батына қатысты мәлімдеме жасады. Отбасының нәсілдік алалаудан аулақ екенін, інісімен міндетті түрде сөй­ле­сетінін хабарлаған. Бұл жайтқа би­ліктегілер де бейжай қарамай, депутаттар мен министрлер тергеу жүргізілу керектігін айтты.