• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Қазақстан 15 Наурыз, 2021

Қазақстанда жыл басынан бері 500-ге жуық көлік қар құрсауынан шығарылды

303 рет
көрсетілді

Жыл басынан бері ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына 539 шектеу енгізілді. 500-ге жуық көлік қар құрсауынан шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол учаскелері боран мен қатты желдің әсерінен жолда көрудің нашарлауы себебінен 329 рет жабылды. Шектеулер 78 мәрте – көктайғақ, 34 рет – ауа температурасының төмендеуі мен 98 мәрте – көршілес өңірлердегі қозғалыстың шектелуіне байланысты енгізілді. Айта кету керек, жол учаскелерін жабу бойынша Ақмола көш бастап тұр. Мұнда биылғы жылдың екі айында жолдар 111 рет жабылды. Екінші орында Шығыс Қазақстан облысы тұр. Аталған өңірде шектеулер 66 мәрте енгізілді.

Жыл басынан бері жолшылар барлығы 500-ге жуық көлік құралына көмек көрсеткен болатын. Олардың 109-ы жылы бокстерге орналастырылды. Ал 800-ден астам адам «Қазақавтожол» ЖШС жылыту пункттеріне орналастырылды.

Айта кетейік, былтыр сәйкес кезеңде ел жолдары 676 мәрте жабылған болатын. Автокөліктерге енгізілетін шектеулер – бұл мәжбүрлі, бірақ жолдардағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қажетті шаралар.