Х қысқы Қазақстан оқушылар гимназиадасы мәресіне жетті. Бұл спорттық іс-шара оқушылар үшін ғана емес, қоғамдық маңызға ие. Себебі Мемлекет басшысы балалар спортын бұқаралық сипатта дамыту бойынша ел Үкіметіне жауапты міндет жүктеген болатын.
Гимназиада аясында Серік Сәпиев, Бақтияр Артаев, Илья Ильин сынды чемпиондар мен спорт ардагерлері, бірқатар әлем чемпионаттарының жүлдегері, жеңімпаздары жас спортшыларға қолдау көрсетуге келгені де оқушылар үшін ұмытылмас сәттерге айналды.Х қысқы Қазақстан оқушылар гимназиадасында жалпыкомандалық есепте 1 - орынды Қостанай облысы,
2 - орынды Солтүстік Қазақстан облысы,
3 - орынды Алматы қаласы мен Нұр-Сұлтан қаласы иеленді.