• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Оқиға 15 Наурыз, 2021

Grammy жүлдегерлері тізімінде кімдер бар?

346 рет
көрсетілді

Әлемдік музыка тарихындағы басты сыйлық - «Грэмми» премиясының басқа да жеңімпаздары кімдер екені белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz шетелдік Latimes.com басылымына сілтеме жасап.

Биыл 63-ші рет табысталатын премияның салтанатты кешін «Dayly show» бағдарламасының жүргізушісі, әрі әзілкеш Тревор Ной жүргізеді.

Осы жолы «Грэмми» сыйлығындағы «Жыл альбомы» номинациясы Тейлор Свифтке бұйырғанымен, кештің басты ерекшелігі әлем жұлдызы - Бейонсе болып отыр. Ол барлық номинаттардан оқ бойы озып, тоғыз ұпаймен ең үздік әнші және орындаушы атанды.

Сонымен қатар, «Үздік жаңа әртіс» номинациясының биылғы жеңімпазы - Megan Thee Stallion болса, «Үздік комедиялық альбом» номинациясын Тиффани Хэрдиш қанжығасына байлады

Осынау әлемдік премияның жүлдегерлері қатарында қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов те бар. Оның SAINt JHN атты әншінің Roses әніне жазылған ремиксі үздік деп танылды.

Еске сала кетейік, былтыр осы додада жас орындаушы Билли Айлиш төрт номинацияны қатар жеңген. Ол «Үздік ән», «Үздік пластинка», «Үздік альбом» және «Жаңа орындаушы» деген номинациялар еді.