Алматы облысында жол апаты кезінде жарақат алған төрт оқушының біреуі көз жұмды. Қайғылы хабарды өңірдің денсаулық сақтау басқармасы растады, деп хабарлайды Egemen.kz
Жол апаты 2 наурыз күні Еңбекшіқазақ ауданында болған еді. Мас күйінде көлік жүргізген 54 жастағы азамат жол бойында тұрған 8-9 жасар төрт қыз баланы қағып кеткен. Үшеуі ауруханаға түсті. Екеуінің жағдайы ауыр болған. Қазір ауруханада жатқан екі қыздың біреуінің жағдайы қалыпты. Екіншісі жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.