Италия, өткен жылы коронавирусқа байланысты карантиндік шектеулерді жариялаған алғашқы елдердің бірі, жаңа локдаунға дайындалуда, деп хабарлайды Egemen.kz
Коронавирустың келесі таралу қаупіне байланысты 15 наурыздан бастап Италияда мектептер, мейрамханалар, дүкендер мен мұражайлар жабылады. Католиктік Пасха мейрамы уақытында шектеулер өз күшінде қалады. Нью-Йоркте коронавирус инфекциясы расталған алғашқы адамның қайтыс болуынан бір жыл өткен соң, мегаполисте пандемияның 30 мыңнан астам құрбандары үшін аза тұту мемориалдық шарасы өтті. Нью-Йорк қаласы 2020 жылдың көктемінде АҚШ-тағы COVID-19 эпицентрі атанған болатын.15 наурыздан бастап Өзбекстанға кіретін коронавирусты міндетті тестілеу тоқтатылады. Әуежайларда, вокзалдарда және шекаралық өткізу пункттерінде тест тапсырудың орнына елге келгендер "шекарадан өткенге дейін соңғы 72 сағат ішінде коронавирустық инфекцияның жоқ екендігі туралы ПТР әдісімен жасалған анықтама беруі керек", деп хабарлады ел билігі.