• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Қоғам 15 Наурыз, 2021

Алматыда экологиялық журналистика бойынша оқыту курстары басталды

119 рет
көрсетілді

Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті экология саласында маманданған журналистер үшін оқыту курстарын өткізуге кірісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Курстар 2020 жылы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі арасындағы Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы жасасқан меморандумды жүзеге асыру аясында өткізілуде.

Курсқа қатысушыларға бес күн бойы БАҚ-та экологиялық мәселелерді тарату, экологиялық білім беру мен тәрбиелеу, қалдықтарды кәдеге жарату және қоршаған ортаны қорғау проблемалары бойынша өзекті сұрақтар түсіндірілетін болады.  

Курстың ашылуында ҚР-дағы БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі - Қазақстандағы БҰҰ Ақпараттық бюросының басшысы Властимил Самек мырза алғы сөз сөйледі.

Спикерлер ретінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары және Тәжірибешіл экологтар қауымдастығының төрағасы сөз сөйлейді.

Оқыту курстар 2021 жылдың 19 наурызына дейін өтеді.