• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Спорт 15 Наурыз, 2021

Александр Бублик Дубай турнирінің екінші айналымына шықты

219 рет
көрсетілді

Қазақстанның бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Александр Бублик Дубай ATP 500 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

А.Бублик алғашқы айналымда рейтингте 59-орында тұрған жапониялық Есихото Нисиокамен кездеседі. Бірінші партияда қазақстандық теннисші брейкпен алға шығып, сол басымдылығын сақтап қалды – 6:4. Тартысты өрбіген екінші сет басында қарсыластар брейкпен алмасты. Ақыры тай-брейкте А.Бублик жеңісті жұлып алды – 7:6 (7:4). Бәсеке 1 сағат 24 минутқа созылды. Қазақстандық спортшы бұдан бұрын Сингапур турнирінде де Е.Нисиоканы ұтқан болатын. А.Бублик екінші айналымда әлемнің 34-інші, осы доданың 16-ракеткасы, италиялық Янник Синнермен шеберлік байқасады.

Жарысқа іріктеу сайыстары арқылы өткен тағы бір қазақстандық Михаил Кукушкиннің қарсыласы анықталды. Ол әлемнің 37-ракеткасы, германиялық Ян-Леннард Штруффпен күш сынасады. Жүлде қоры 2 млн АҚШ долларынан асатын турнир 20 наурызда аяқталады.