• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Оқиға 16 Наурыз, 2021

Бақыт ұтқан грант

151 рет
көрсетілді

Атыраудағы Назарбаев зияткерлік мектебінде талапты оқушы көп. Соның бірі – ХІІ сынып оқушысы Бақыт Өтеулиева АҚШ-тағы беделді университеттің білім грантын ұтып алды.

Химия-биология бағы­тын­да шәкірт тәрбиелейтін оқу ордасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, мектеп оқушысы Нью-Йорк штатында орналасқан Корнелл университетін таңдап отыр.

– Бұл – әлемдегі ең ірі әрі беделді университеттің бірі. Сегіз жекеменшік университеттен құралған әйгілі «Шырмауықтар лигасына» кіреді. Сол себептен, осы оқу ордасынан тамақ өнеркәсібі саласында жоғары білім алуды көздедім, – дейді Бақыт Өтеулиева.

Оқушының айтуынша, жоғары оқу орнын таң­дауына бірнеше себеп бар. Біріншісі – оқу орны ұсы­натын бағ­дарламалар мен мүм­кін­дік­тер. Екіншісі – болашақ маман­дығына қатысты оқыту әдісі.

– Өйткені, маған тек сапалы білім ғана емес, тұлға ретінде де қалыптасу керек. Сондай-ақ өз қабілетімді же­тілдіріп, кейін жұмысқа орналасудың маңызы зор. Осы тұрғыдан айтқанда, Кор­нелл университеті тағам өнеркәсібі саласына білікті мамандар даяр­лайтын үздік оқу орнының бірі саналып отыр. Бұл университетте сту­денттердің өз әлеуетін толық жетілдіруіне жақсы жағдай жасалған, – дейді биыл мектеп бітіретін оқушы.

 

Атырау облысы