• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Қазақстан 16 Наурыз, 2021

Египеттен келген 4 жолаушыдан коронавирус анықталды

93 рет
көрсетілді

15 наурызда Қазақстан Республикасының аумағына Мальдив Республикасы, БАӘ, Түркия, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 20 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Egemen.kz

2 450 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 300 адам, анықтамасыз 150 ҚР азаматтары келді. Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 10 рейс, 1 367 жолаушы, анықтамамен – 1 302, анықтамасыз - 65; Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 531 жолаушы, анықтамамен - 500; анықтамасыз - 31; Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, барлық 288 жолаушы анықтамамен келген;Қарағанды қаласының әуежайына – 1 рейс, 138 жолаушы, анықтамамен - 84; анықтамасыз - 54; Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 126 жолаушы анықтамамен келген. Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.Анықтамасыз келген 793 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Шарм эль-Шейх – Нұр-Сұлтан рейсімен келген 4 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.