Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова Нұр-Сұлтанда шектеу және карантин шараларын қатаңдату туралы қаулыға қол қойды. Құжат 18 наурыздан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қол қойылған құжатқа сәйкес меншік нысанына және жұмыс істейтіндердің штаттық санына қарамастан барлық ұйымдар, кәсіпорындар қызметкерлерінің кемінде 80%-ы қашықтан жұмыс істеуі тиіс.
Сондай-ақ сауда, қызмет көрсету нысандарында, қоғамдық көліктерде және адам көп жиналатын орындарда дезинфекциялық іс-шаралар жүргізу бойынша жұмыстар күшейтілуде.
Жексенбі күндері елордада СОО, СО, СҮ (онда орналасқан дәріханаларды, сондай-ақ тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттарды сататын және қызметі орналасқан жеріне қарамастан рұқсат етілген объектілерді қоспағанда), жабық азық-түлік емес базарлар, азық-түлік емес тауарларды сататын объектілер, жабық спорт объектілері, ХҚО, «Қазпошта» АҚ, сол сияқты қоғамдық көлік жұмысына тыйым салынады.