Қауіпсіздік Кеңесінде Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімі мен Ахуалдық орталығының меңгерушісі тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Тұңғыш Президенттің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының шешімдерімен:
Расул Қабдоллаұлы Оразғұлов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімінің меңгерушісі қызметіне;
Данияр Нұрашұлы Есин Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды», делінген хабарламада.