Қазақстанда жыныс ауыстыру бойынша операциялар тегін болатыны туралы жалған жаңалық таратылуда, деп хабарлады stopfake.kz.
ҚР денсаулық сақтау министрлігі жыныс ауыстыру бойынша тегін операциялар туралы ақпаратты жоққа шығарды.
«Морфологиялық жынысты өзгерту бойынша операциялар адамның өтінішімен жоспарлы түрде, кезең-кезеңімен, қажетті тексерулерден өткеннен кейін, комиссияның рұқсаты мен гормондық терапиядан өткен соң жүзеге асырылады. Бұл операция тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне кірмейді және ақылы қызмет болып табылады», деп хабарлады ведомстводан.