• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 17 Наурыз, 2021

Соңғы аптада коронавирусқа шалдыққан науқастар саны 12%-ға артты - Ерлан Қиясов

235 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов елімізде соңғы аптада коронавируспен ауырғандар саны 12%-ға өскенін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстанда 17 наурыздағы жағдай бойынша COVID-19-ға оң нәтижемен 226 767 науқас және КВИ- 49 896 жағдай тіркелді. Ақпан айында қаңтармен салыстырғанда науқастар саны 30%-ға төмендегені байқалды. Сонымен қатар соңғы 5 күн ішінде тәулігіне 1000-нан астам жағдай анықталды. Соңғы аптада алдыңғы аптамен салыстырғанда науқастар саны 12%-ға өсуі байқалады», деді Е. Қиясов.

Оның айтуынша, Қазақстан жасыл аймақтан сары аймаққа ауыстырылды. Қазір қызыл аймақта 3 өңір, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Батыс Қазақстан облысы тұр. Ақмола, Алматы, Атырау, Қарағанды облыстары сары аймақта, қалған облыстар жасыл аймақта орналасқан.