• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Наурыз, 2021

Жетісуда жұқпалы індет өршіп, облыс «сары аймаққа» өтті

268 рет
көрсетілді

Жетісуда жұқпалы індеттің таралу қауіпі тағы да жоғарылай түскен сияқты. Өйткені, соңғы бірер тәулікте обылста 91 адамнан коронвирус белгісі анықталған екен. Ал аймақ «сары аймақ» санатына кірді.

Індеттің таралу аумағы жұрт жиі шоғырланған қалалар мен аудандарда байқалып отыр. Мәселен, Талдықорған қаласында 26 жағдай тіркелсе, Талғар ауданында – 24, Жамбыл ауданында – 8, Көксу ауданында – 7, Іле және Қарасай аудандарында 5 тұрғыннан ауру белгісі табылған. Ал Еңбекшіқазақ, Ескелді, Ұйғыр және Панфилов аудандарында 3 науқас, Кербұлақ ауданында 2 науқас және Райымбек пен Сарқан аудандарында да науқастар дәріге көмегіне жүгінуге мәжбүр болған.

Жалпы, облыс ауруханаларында 715  адам коронавирустан ем қабылдап жатса, оның іншдегі 25 науқастың жағдайы ауыр екен. Ал дәрігерлер өткен туәлікте ғана 26 науқастың дертіне шипа тауып, індеттен аман сақтап, айықтарыпты.

- Облыстың медициналық ұйымдары қажетті жабдықтармен және дәрілік препараттармен қамтамасыз етілген. Инфекциялық стационардағы төсектер саны 412 орынға дейін көбейтіліп, қазір олардың жалпы саны 1 550 бірлікке жеткізілді. Індеттің таралуына жол бермеу мен ерте анықтау мақсатында да жұмыс жүріп жатыр. Жыл басынан бері өңірде жұмыс істеп тұрған 11 ПТР-зертханасында 137 мың адам  тест өткізіп, тексерілді. Ал 391 мобильді бригада коронавируске шалдығу күдігі жоғары науқастардың үйіне барып, жалпы шақыру бойынша 50,7 мыңнан астам медициналық қызмет көрсетті, - дейді облыстық деңсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірзақ Ниязбеков.

Айтпақшы, аймақта жаппай вакцинациялаудың екінші кезеңі қарқынды жүріп жатыр. Осы мақсатта ресейлік «Спутник V» екпесінің 11 350 дозасы жеткізілген. Бүгінде коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салу өңірдегі 30 егу пунктінде жүргізілуде. Қазірге дейін 6883 адамға екпе жасалған екен.

 

 

Алматы облысы