• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Президент 17 Наурыз, 2021

Президент: Алматы – экономикамыздың басты қозғаушы күші

2189 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті ел тәуелсіздігінің 30 жыл ішіндегі табыстары Алматы қаласымен тығыз байланысты екенін атап өтті.

«Тәуелсіздігіміз Алматыда жарияланды. Сондықтан бұл шаhардың тарихи рөлі  айрықша. Қазір Алматы – экономикамыздың басты қозғаушы күші. Сонымен бірге мұнда бизнес саласы жақсы дамыған», деді Президент. 

Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың тұрмыс сапасын жақсарту баршаға ортақ негізгі міндет саналатынын және азаматтарды жұмыспен қамтып, табысын арттыру басты назарда болуы қажет екенін еске салды.

Президент қаланың ұзақ мерзімге арналған даму стратегиясына сәйкес, Алматы өмір сүруге қолайлы және жалпыға бірдей тең мүмкіндік беретін қалаға айналуға тиіс екеніне тоқталды. Мемлекет басшысы осы мақсатқа жету үшін бірқатар міндет жүктеді.